Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы “Халық” мешітінде 18 жасқа дейінгі мешіт-медресе шәкірттері арасында Құран Кәрімнің 30-парасының “Ад-духа» мен «Ан-нас” сүрелері арасында Құранды жатқа оқу сайысы өтті.
Жалпы саны сегіз шәкірт өзара бақ сынасты. Жүлделі I-орынды Қайырбек Әбубәкір, II-орынды Жақсылық Рахметулла иеленсе, ал III-орынды Ғабдолла Нұрдәулет еншіледі. Қатысқан әрбір шәкіртке ақшалай сыйақы берілді. Атсалысқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз!