ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ «АХМЕТ ИШАН ОРАЗАЙҰЛЫ» МЕШІТІ
Жезқазған қаласында бой көтерген. 1992 жылдары қазіргі «Қазақмыс» корпорациясына басшылық еткен Т.Ұрымов мырза мешіт салдыруға қаражат бөлдірді. «Жезқазғантрест» мекемесі құрылысын жүргізген. Жезқазған қалалық әкімшілігінің «Жер бөлу бөлімі» мекемесінің басты жобалаушылары құрылыс жұмысының жобалық сметасын дайындады, сөйтіп мешіт 1992 жылдың 7 шілдесінде пайдалануға берілген. Алла үйі 500 адамға арналған, бір қабатты, төрт бұрышына күмбезді баған тұрғызылып, әр күмбезінің басына ай орнатылған.
Сырты қазіргі заманауи ашық қызғылт түсті ұлутас плиталармен қапталған. Кіре беріс беті айшықты өрнекті плиталармен безендірілген. Ғимараттың аумағы 24х18, биіктігі 6, күмбезі 5 метр. Жанында биіктігі 17 метрлік мұнара. Күмбезінің астына «Ықылас» сүресі жазылған.
Ауласында ыстық және суық сумен жабдықталған екі бөлмелі ғимарат бар.
1991 жылы аймақ халқынан түскен қаржыға мешіт қызметкерлеріне арналған ғимарат салынды. Онда неке залы, бас имам, наиб имам, Құран оқитын бөлме, есепші бөлмесі, дәліз, кіре беріс бөлмелері қарастырылған.
Асханасы бар, оның іші ақшыл әсем түсті бояумен боялған.
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
ЖАНСАРИН БЕЙБІТ БАҚЫТЖАНҰЛЫ
1992 жылдың 12-қыркүйегінде Сәтбаев қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Еңбек жолы:
Үйленген, 2 баласы бар.