Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ұлытау облысы өкілдігінде арулар марапатталды.
Рухани кешке ұйытқы болған Ұлытау облысы бойынша «әйел-қыздар секторы» облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде тәлім алған 50-ге тарта шәкірттің басын қосты. Мешіт қабырғасында діни сауат ашып, Құран және тәжуид ілімдерін үйренген әр аруға арнайы сертификат табыстап, тәж кигізді. Алла баршамыздың ілімімізді арттырсын!