Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ұлытау облысы өкілдігіне қарасты “Әйел-қыздар секторының” ұйымдастыруымен “Рамазанға қалай дайындаламыз?” атты семинар өтті.
Семинар барысында «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің ұстазы Аяулым Жұлдызқызы қасиетті айға дайындық жайында рухани уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар келген әр жамағатқа “Рамазан күнделігі” сыйлығы тарту етіліп, түрлі тәттілермен дастархан жайылды. Қасиетті ораза айына тек қана рухани ғана емес, физикалық жағынан да дайындалу керектігі насихатталып, осы бағытта тың деректермен бөлісу үшін арнайы тәжірибелі нутрициолог Жанар Маханова ханым шақырылды.