Өткен жұма намазында Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітіне наиб имам тағайындалып, таныстырылды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы болып Амангелді Саламат Амангелдіұлы тағайындалды.
Амангелді Саламат Амангелдіұлы 1998 жылдың 30-қарашасында қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекенінде дүниеге келген. Бойдақ.
Білімі:
2016-2020 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде білім алған, мамандығы исламтанушы.