Бүгінгі жұма намазында Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітіне ұстаз тағайындалды.
Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы «Рамазан – кешірім айы» тақырыбында уағыз-насихат айтқан соң, дін қыметіне жаңадан кіріскен ұстазды жамағатқа таныстырды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің ұстазы болып Шалқар Құрбанбек Серікұлы тағайындалды.
Шалқар Құрбанбек Серікұлы 1999 жылдың 2 тамызында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Бойдақ.
Білімі:
2017-2020 жылдар аралығында «Шымкент» медресе-колледжінде білім алған, мамандығы исламтанушы;
2020-2023 жылдар аралығында “Нұр-Мүбарәк» Египет Ислам мәдениеті университеті, мамандық исламтанушы.
Қызметі:
2023-2024 жылдары Ұлытау облысы бойынша “Aqniet» ҚҚ, теолог;
2024-2025 жылдары Ұлытау облыстық Дін істері басқармасы, теолог;
2025 жылы Жезқазған және Сәтбаев қалалары бойынша “Aqniet ҚҚ” жетекшісі.