«MUNARA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНА БАҒДАРЛАМА ТҮСІРІЛДІ

ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінде «Munara TV» телеарнасының Рамазан айына арналған бағдарлама түсірілімі басталды.

«Рамазан – ізгілік айы» бағдарламасына алғашқы қонақ болып Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы және теолог Құрбанбек Серікұлы келді. Ал бағдарлама тізгіншісі – Ұлытау облысы бойынша «Munara TV» бөліміне жауапты маман Бауыржан Амангелдіұлы.

Арнайы қонақтарымыз подкастта «Рамазан айында Алла Тағала тарту еткен нығметтері. Құран. Қадір түні» тақырыбында сүбелі сөз қозғады. Сұхбатты алдағы уақытта «Munara TV» телеарнасынан және youtube каналынан көре аласыздар.