Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы тарауық намазында жамағатқа насихат жүргізді.
«Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде тарауық намазынан алдын бас имам уағыз айтты. Бейбіт Бақытжанұлы Рамазан айының мүмкіндіктері туралы сыр шерте отырып, «Бауырмалдықтың маңызы» тақырыбын қозғады.