Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес Ұлытау облысы, Жезді кентінде «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы аясында 6 отбасыға азық-түлік себеті таратылды.
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында қасиетті айдың құрметіне және «Зекет және қайырымдылық» қорының жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы отбасыларға азық-түлік қоржындары табысталды.