Қасиетті Рамазан айында «Жайлау» ет өнімі дүкені мен «BagDoners» фаст-фуд дәмханасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» сертификаты берілді.
Жиналған жамағат алдында облыстың бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы дәмхана басшысына арнайы куәлікті салтанатты түрде табыс етіп, бастаған игі істеріне табыс тіледі.