Қасиетті Рамазан айында Ұлытау облысына қарасты Жезді кенті мешітінде молдаван ұлтының азаматы Ислам дінін қабылдады.
Бұрын христиан дінінде болған, ұлты молдаван Кирилл деген азамат Ислам дінінің құдіретіне бас иіп, дінге үлкен қызығушылықпен қарап, нәтижесінде Ислам дінін қабылдады. Жамағаттың, әсіресе түрлі ұлт өкілдерінің дінімізді құрметтеп, мұсылмандыққа бет бұрып, дінді қабылдауы – осы жолда қызмет етуші, Ислам дінін насихаттаушы имамдардың да еңбегі деуге болады.
Жезді кенті мешітінің атынан Кирилл бауырымызға діни кітаптар табыс етілді.