«КӨШПЕЛІ НАСИХАТ» БОЙЫНША ЖҰМА УАҒЫЗЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлының бастамасымен облыс аймағында «Көшпелі насихат» ұйымдастырылды.

«Көшпелі насихат» барысында Еркебұлан Ермекұлы Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде, Сағындық Мұхиденұлы Кеңгір ауылдық «Әбу Бәкір» мешітінде, Нұрлайхан Ерланұлы Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде, Қанат Қайратұлы Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде насихат айтты.

Жұма уағызы «Зекеттің қоғамдағы пайдасы» тақырыбында өтті.