МЕШІТ ҰЖЫМЫ БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҒАШ ЕГУ КҮНІНЕ ҚАТЫСТЫ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай облыс көлемінде ұйымдастырылған «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» іс-шарасына Бейбіт Бақытжанұлы бастаған Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің ұжымы да белсене қатысты.

Облыс әкімі арнайы қатысқан іс-шарада ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен діни бірлестіктер өкілдері де бірлесіп, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлесін қосты.

Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет – әрбір азаматтың парызы. Осы орайда Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешіт ұжымы өңір тұрғындарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және жасыл желекті көбейту ісіне белсенді түрде атсалысуға шақырады.