Облыс орталығында Қасиетті Құраннан шәкірттер арасында сайыс өтті.
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешіті мен «Zhez Medrese» қоры бірлесіп Құран жарысын ұйымдастырды.
Сайыс нәтижесі бойынша 1-орынды Абзал Иса [Ұмра қажылығы], 2-орынды Абдурагим Бейбарыс [ұялы телефон], 3-орынды Жақсыкелді Ерсұлтан [велосипед], 4-орынды Шамкенов Батырхан [самокат], 5-орынды Бекетов Сәкен [самокат] иеленді.