КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА ШҰҒЫЛ ОТА ҮШІН КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітіне көмек сұрап келген кісіге жәрдем берілді.

Қаламқас әпкеміздің диагнозына байланысты шұғыл ота жасау үшін 200 мың теңге қажеттілігі туындаған еді. Жанашырлық танытқан мешіт жамағаты 1 күннің ішінде қажетті қаражатты жинап берді. «Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көрерсің» демекші, осы жылуға атсалысқан әр жамағатқа Қаламқас әпкеміз шексіз алғысын білдірді.