СПОРТТЫҚ САЙЫСТА ОБЛЫС ИМАМДАРЫ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

11-шілде күні Ұлытау облысы дін өкілдері арасында «Ынтымақ аренасы: Ұлттық спорт пен рухани келісім алаңы» атты спорттық сайыс өтті.

Спорттық жарысқа қатысушылар садақ ату және атқа міну бойынша арнайы шеберлік сағатына қатысып, ұлттық дәстүр мен өнерді ұлықтады. Садақ ату сайысында мешіт өкілдері кіл мықтылардың қатарынан табылды. Жезді кентінің бас имамы Жакупбеков Медет Серікұлы жүлделі 2-орынды иеленсе, Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің ұстазы Азберганов Нұрсұлтан Еркінбайұлы 3-орынды қанжығаға байлап қайтты.