БАС ИМАМ КЕҢГІР КЕНТІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы Кеңгір кенті жамағатымен кездесу өткізді.

Жиын барысында мешіт сұрақтары, имандылықты нығайту, діни білім беру және қоғамда рухани тәрбие қалыптастыру тақырыптары қозғалды. Жамағат өкілдері көкейіндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар ала алды. Бас имам өз сөзінде ел бірлігі мен жастардың тәрбиесіне ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Кездесу жылы атмосферада өтіп, жамағатқа рухани серпіліс сыйлады.