Бас имам Бейбіт Бақытжанұлының бастамасымен жылдық жоспардың жүзеге асу барысын бағамдау үшін Жезқазған төрінде Ұлытау облысы имамдарының жиыны өтті.
Алқалы жиынға аймақ мешіттерінің имамдары мен қызметкерлері қатысты. Басқосуда діни басқарманың негізгі құжаттары таныстырылып, өңірдегі діни-ағартушылық жұмыстардың барысы талқыланды.
Бұл басқосу облыс имамдарының кәсіби деңгейін арттыруға, діни қызметтің сапасын жақсартуға және қоғамға көрсетілетін рухани қолдауды күшейтуге бағытталған маңызды шара болды.