«АДАЛДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ – МҰХАММЕД» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

«Ахмет ишан Оразайұлы» мешіті ұйымдастыруымен өткен мерекелік кеш жамағаттың рухани сусындауына, Пайғамбарымыздың сүннетін ұлықтауға және қоғамда ізгілік пен мейіірімділікті насихаттауға арналды.

Кеш Құран Кәрім оқылуымен басталып, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліт шариф оқылды. Шарада Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы жамағатты мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді. Сондай-ақ, Елдос ұстаз мазмұнды уағыз айтып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін үлгі етті.

Бағдарлама барысында жамағат арасында «Kahoot» платформасы арқылы викториналық сұрақтар ойнатылды.