ОБЛЫС БАС ИМАМЫ КӨШПЕЛІ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Облыс бас имамы көшпелі уағыз-насихат жұмыстары аясында өңірдегі бірнеше мешіттерде жұма уағызын жүргізді.

26-қыркүйек күні Қызылжар мешітінде жамағатқа арнап “Пара беру мен жемқорлықтың зардабы” тақырыбында жұма уағызын айтты. Уағыз барысында бас имам адалдық пен әділдік қағидаларын ұстанудың маңыздылығын, парақорлық пен жемқорлықтың қоғам мен жеке адамға тигізер зиянын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, әрбір мұсылманның жауапкершілігі мен имандылық жолындағы адал еңбектің сауапты іс екенін атап өтті.

Ал 3-қазан күні Қаражал мешітінде өткен жұма намазында бас имам “Ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздың орны” тақырыбында сөз сөйледі. Уағыз барысында ол ұстаздың қоғамдағы айрықша рөлін, жас ұрпақтың иманды, білімді әрі отаншыл болып өсуіндегі мұғалім мен ата-ананың бірлескен жауапкершілігін атап өтті.

Көшпелі уағыз-насихаттың негізгі мақсаты — ел арасында рухани жаңғыруды насихаттау, ислам құндылықтарын дәріптеу және қоғамдағы өзекті мәселелерге діни тұрғыдан түсінік беру болып табылады.