БАС ИМАМ ЖӘЙРЕМ КЕНТІ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Амангелдіұлымен кездесу өткізді.

Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы жұмыс сапары барысында Жәйрем кентінің әкімімен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, қоғамдағы рухани тәрбие мәселелері және мешіттердің қызметін жетілдіру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ, жастарды отансүйгіштікке, ізгілікке және адамгершілікке баулу, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, жергілікті билік пен дін өкілдерінің өзара ынтымақтастығын нығайту мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмыс пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда өзара қолдау білдіруге уағдаласты.