ҰЛЫТАУЛЫҚ ҚАРИ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІV республикалық байқауы мәресіне жетті.

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары арасынан Әбіл Нұрмұхамед көзге түсті. Ол Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша жүлделі 3-орынды (750 000 тг.) иеленіп, бас мүфти қолынан марапат алды.

Еске сала кетейік, екі күнге созылған Құран байқауы «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан онлайн көрсетілді.