Иман мен руханиятты дәріптеуге бағытталған бұл шараның басты мақсаты – Құранды жаттау мен көркем оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ имани құндылықтарды кеңінен насихаттау болды.
Жарыс екі бөлім бойынша өтті:
• Нәс–Духа сүрелерін жатқа айту
• Нәс–Нәбә сүрелерін мәнерлеп оқу
Нәс–Духа сүресін жатқа айту номинациясы бойынша жүлделі 1-орынды Аманжолова Айгерім [50 000 тг], 2-орынды Садуова Гаухар [30 000тг], 3-орынды Муслимова Анар [20 000тг] иеленді.
Нәс–Нәбә сүресін мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 1-орынды Қуатбекова Айғаным [50 000 тг], 2-орынды Юсупова Ханифа [30 000тг], 3-орынды Айнаходжаева Забира [20 000тг] иеленді.
Байқауға жас бүлдіршіндерден бастап, ақ жаулықты әжелерге дейін қатысып, Құран оқу шеберліктерін танытты. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.