ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жезқазған қаласының әкімдігі ұйымдастырған игі шара аясында мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесу өткізілді. Іс-шараға облыстың бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы қатысып, балаларға рухани қолдау көрсетіп, жылы лебізін білдірді.

Кездесу барысында қатысушыларға сыйлықтар табысталып, балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Шараның басты мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін балалардың қоғаммен байланысын нығайту және оларға қамқорлық пен мейірім көрсету болды.