Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде ҚМДБ Алматы облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі, исламтанушы, психолог Жаналиева Назерке Әкішқызының қатысуымен «Тәубе – үміттің есігін ашқан кілт» танымдық семинары өтті.
Семинар барысында тәубенің мәні мен мұсылманның өміріндегі маңызы, рухани тазару мен өз-өзін тәрбиелеудің жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ішкі тыныштыққа жету, үміт пен сенімді сақтау туралы маңызды кеңестер берілді.
Іс-шараға қатысқан әйел жамағат рухани әсер алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Шараның мақсаты – әйелдердің діни сауаттылығын арттыру, имандылыққа үндеу және қоғамда рухани құндылықтарды насихаттау болды.