QAMQOR-SHARAPAT ОРТАЛЫҒЫ МЕН СӘТБАЕВ ӘКІМДІГІ ЗИРАТ ІСІНДЕ ӘРІПТЕСТІК ОРНАТТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты QAMQOR-SHARAPAT орталығының басшысы Мейрамбек Рсымов Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында жұмыс сапарымен болды.

Кездесуде қала әкімі Мұрат Бөрібаев, облыс және қала имамдары, мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері мұсылман зиратының бірізді дамуы мен күтімін ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Келісім нәтижесінде Сәтбаев қаласындағы жаңа мұсылман зираты сенімгерлік басқару негізінде QAMQOR-SHARAPAT орталығына берілуі жөнінде уағдаластық жасалды.