Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітіне қарасты әйел-қыздар секторы “Руханиятымызды байыту жолдары” тақырыбында уағыз шәй өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар рухани өсу мен имандылықты арттырудың маңыздылығы жайында әсерлі уағыз-насихат тыңдады.
Шараның басты мақсаты — әйелдердің жүрегіне рухани жылулық ұялату, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыру және өмірге мән мен мақсат беру болды.
Сонымен қатар, шәкірттер өздерінің өмірінде Алланың көркем есімдерінің (Асмаул Хусна) қандай әсер еткенін, сол есімдер арқылы рухани тыныштық пен сабыр тапқанын жүрек тебіренісімен бөлісті.
Шара соңында қызықты әрі танымды сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынап, пайдалы мәліметтермен бөлісті.


