МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА АЗАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Мәуліт мерекесіне орай Ұлытау облыстық “Ахмет ишан Оразайұлы” мешітінде жамағат арасында азан жарысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – азан шақырудың мән-маңызын ұғындыру, жас буынның рухани деңгейін көтеру және діни дәстүрлерді насихаттау болды.

Жарысқа өңір мешіттерінен қатысушылар келіп, азан айтудағы нақыш, дауыс әуезділігі мен шариғат талаптарына сай орындау шеберлігі бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде 1-орынды Қасымбеков Досымхан, 2-орынды Таңсықбаев Асхат, 3-орынды Мұхамбетжанов Талғат иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара Ұлытау облыстық мешіті мен “Aqniet” орталығының ұйымдастыруымен өтті.