РАНТ МҮШЕСІ ЕРАЛЫ САПАРБАЙҰЛЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған РАНТ мүшесі, Шымкен қаласына қарасты Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің бас имамы Ералы Сапарбайұлы жұмыс сапарымен Ұлытау облысына келіп, бірнеше діни-ағартушылық және тәрбиелік бағыттағы кездесулер өткізді.

Сапар сәрсенбі күнгі шәй-уағыздан басталды. Ұлытау облыстық “Ахмет ишан Оразайұлы” мешітінде жамағатпен жүздесіп, насихат айтқан Ералы Сапарбайұлы дін мен қоғам бірлігі, мұсылмандық әдебін сақтау және отбасы құндылықтары туралы уағыз жүргізді. Жиынға жергілікті жамағат және өңір имамдары қатысты.

Одан бөлек Сәтбаев қалалық “Балмағамбет Балқыбайұлы” мешітінде құптан намазынан кейін уағыз жүргізіп, жастар тәрбиесі, жат ағымдардан сақтану, ізгі амалдарды арттыру мәселелеріне тоқталды. Ал жұма күні Кеңгір ауылдық “Әбу Бәкір” мешітінде жұма уағызында насихат қылды. Онда адам баласының денсаулыққа көңіл бөлу тақырыбы қозғалды.

Діни кездесулермен қатар, сапар аясында өңірдегі мемлекеттік мекемелер қызметкерлерімен де кездесулер өтті. Ералы Сапарбайұлы Ұлытау облыстық полиция басқармасы қызметкерлерімен арнайы кездесіп, қызметтік этика, қоғамдағы дін рөлі және экстремизмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Ұлытау облыстық Әділет департаменті мамандарымен кездесу өткізіп, құқық пен дін байланысы, діни сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілік тақырыптарын қозғады.

Сапар соңында РАНТ мүшесі өңірдің дін қызметкерлерімен пікір алмасып, алдағы уақытта бірлескен ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды жалғастыруға ниетті екенін айтты.