МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ҚҰРАНДЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде шәкірттер арасында Құранды мәнерлеп оқу бойынша дәстүрлі сайыс ұйымдастырылды. Шараға әр жастағы үйренушілер қатысып, өздерінің тәжуид ережелерін меңгеру деңгейін, дауыс мәнері шеберлігін көрсетті.

Әділқазылар құрамы оқылымның нақтылығы, дауыс тазалығы, ырғақ пен мәнерге ерекше назар аударды. Шара соңында Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы үздік деп танылған шәкірттерді марапаттады. Нәтижесінде жүлделі 1-орынды [30 000 теңге] Досанов Тамырлан, 2-орынды [20 000 теңге] Амангелді Альбаро, 3-орынды [10 000 теңге] Тасқын Расул алды. Сонымен қатар сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары да берілді.

Ұйымдастырушылар мұндай сайыстар оқушылардың Құранды дұрыс және көркем оқуға деген ынтасын арттырып, діни білімін тереңдетуге үлкен ықпал ететінін атап өтті.