Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлының қатысуымен тәуелсіздік жолында құрбан болған марқұмдардың рухына Құран бағышталып, арнайы дастарқан жайылды.
Тағылымды жиын барысында ел тәуелсіздігі үшін жанын пида еткен боздақтардың ерлігі еске алынып, олардың рухына дұға жасалды. Бас имам Бейбіт Бақытжанұлы азаттықтың қадірі, ел бірлігі мен аманатқа адал болу жайлы насихат айтып, жиналған жамағатты бірлік пен берекеге үндеді.
Шара соңында қатысушылар марқұмдардың рухына бағышталған дұғаға «Әумин» деп, тағылымды басқосуда рухани әсер алды.


