«РАМАЗАНҒА НҰРЛЫ ҚАДАМ» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Рамазан айының қарсаңында «Рамазанға нұрлы қадам» атты рухани танымдық кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — қасиетті айдың мән-маңызын түсіндіру, рухани дайындықты арттыру және пайдалы амалдарға үндеу.

Кеш барысында ұстаздар Рамазан айына қалай дайындалу керектігі, бұл айда атқарылатын пайдалы іс-әрекеттер мен құлшылықтың маңызы туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Қатысушы қыздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Сонымен қатар іс-шара аясында фиқһ ілімі бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылып, танымдық ойындар ойнатылды. Рухани кеш қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, Рамазан айын саналы түрде қарсы алуға үлкен серпін берді.