ШАҒБАН АЙЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Шағбан айының құрметіне орай ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігі қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты.

Игі іс қоғамдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету, мейірім мен жанашырлықты арттыру мақсатында жүзеге асырылды. Қайырымдылық көмегіне күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік түрлері енгізілді.

Қайырымдылық қылу мұсылманның бейнесін одан әрі көркемдей түсері анық. Алла Тағала барша атсалысқан жамағатқа разы болғай!