ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлының төрағалығымен облыс имамдарының алқалы басқосуы өтті. Жиынға өңірдегі қала, аудан және ауыл мешіттерінде қызмет атқарып жүрген имамдар қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында атқарылатын негізгі жұмыстар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы таныстырылып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар имамдардың назарына ұсынылды.

Басқосуда діни насихатты күшейту, ихсан құндылықтарын дәріптеу, оқу-ағарту жұмыстарын жүйелі жүргізу, ұлттық дәстүр мен отбасы институтын нығайту, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағытындағы іс-шаралар жоспары пысықталды.

Жиын соңында діни саладағы белсенді қызметі үшін бірқатар имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хаттарымен марапатталды.