БАС ИМАМ КӨШПЕЛІ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫМЕН СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА

ҚМДБ Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы көшпелі уағыз-насихат жұмыстары аясында Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

«Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде жамағатқа арнап “Дұға мен тілек тілеудің әдебі” тақырыбында жұма уағызын айтты. Уағыз барысында Бейбіт ұстаз осы қасиетті құлшылықтың қыр-сырына үңіліп, Алла Тағаладан тілейтін дұғаларымыздың дұрыс болуы турасында сыр шертті.

Көшпелі уағыз-насихаттың негізгі мақсаты — ел арасында рухани жаңғыруды насихаттау, ислам құндылықтарын дәріптеу және қоғамдағы өзекті мәселелерге діни тұрғыдан түсінік беру болып табылады.