Ұлытау облысы бойынша халал индустриясын дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелеу мақсатында халал даму бөліміне жауапты маман болып Нұрсұлтан Еркінбайұлы тағайындалды.
Аталған маман өңірдегі халал стандарттарының сақталуын бақылау, кәсіпкерлермен және мекемелермен өзара ынтымақтастық орнату, сондай-ақ халал өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған шараларды үйлестірумен айналысатын болады.
Бұл қадам облыс аумағында халал саласын дамытуға, тұтынушылардың сенімін арттыруға және діни талаптарға сай қызмет көрсетуді жолға қоюға оң ықпал етеді.

