4 ДӘРІСТЕ ҚҰРАНҒА ТҮСКЕН ШӘКІРТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлытау облыстық Ахмет ишан Оразайұлы мешітінде «4 дәрісте Құранға түс» сабақтарын тұрақты түрде меңгерген шәкірттердің марапаттау рәсімі өтті.

Күн сайын таң намазынан кейін бас имам Бейбіт Бақытжанұлы жүргізген төрт дәрістік оқу курсына қатысқан шәкірттерге арнайы сертификаттар мен Құран Кәрім кітаптары табысталды.

Бұл игі шара шәкірттердің діни білімін тереңдетуге және Құран оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.