Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жұма уағызында «Абай және жүрек ілімі» тақырыбында насихат жүргізді. «Қазақтың бас ақыны Абай хакімнің шығармашылығына арқау еткен жүрек амалдарын, оның дерттерін терең түсінсек, түзетуге тырыссақ, кісінің кемел де толық адам болуына септігін тигізеді» – деді Сансызбай Құрбанұлы.