ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ХАДИС ЖИНАҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешіті қабырғасында діни оқу-ағарту бағытындағы маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Имам Науауи жинақтаған «40 хадис» бойынша білім сайысы өтті.

Шараның басты мақсаты – жастар мен жамағат арасында ислам құндылықтарын насихаттау, пайғамбар хадистерін үйренуге деген қызығушылықты арттыру және діни білімді тереңдету. Байқауға қатысушылар Имам Науауидің хадистер жинағын жатқа айту, мағынасын түсіндіру және мазмұнын талдау бойынша өзара бақ сынады.

Іс-шара соңында үздік деп танылған қатысушылар марапатталып, арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.