Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешіті әйел-қыздар секторы ұйымдастыруымен рухани мазмұнға толы тағылымды іс-шара өтті.
Тағылымды іс-шарада Алланың көркем есімдерінің (Әсмаул Хусна) сырлары жайында уағыз-насихат айтылды. Қатысушыларға Алланың 99 есімінің терең мағынасы түсіндіріліп, олардың адам өміріндегі рухани маңызы кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, әйел-қыздар Алланың 99 көркем есімін мағыналарымен бірге жатқа айтып, білімдерін көрсетіп, арнайы тапсырмалардан сәтті өтті.




