ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы бойынша әйел-қыздар сектор жетекшісі, ЖАНТ мүшесі Досжанова Балжан Асылханқызы арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында өңірдің бірнеше қаласы мен елді мекендерінде мазмұнды кездесулер мен семинарлар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Жәйрем кентінде «Ислам және ұлттық дәстүрді қалыптастыру» тақырыбында семинар өтіп, онда ұлттық құндылықтар мен діни ұстанымдардың өзара сабақтастығы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар облыс орталығында «Иман және тақуалық – жүректің емі» атты уағыз-насихат жиыны, сондай-ақ «Тақуалық – жан тыныштығының кілті» тақырыбында рухани іс-шара ұйымдастырылып, қатысушыларға адамгершілік пен имандылықтың маңызы насихатталды.
Ал Сәтбаев қаласында «Сабыр – бақытты отбасының кілті» тақырыбында семинар өткізіліп, отбасы құндылықтары, сабырлық пен түсіністіктің рөлі кеңінен қозғалды.






