Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінде жамағат арасында діни білімді насихаттауға бағытталған «Таңдаулы 10 хадис» атты білім сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ислам құндылықтарын дәріптеу, Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін үйренуге деген қызығушылықты арттыру және діни сауаттылықты тереңдету.
Сайысқа барлығы 11 шәкірт қатысып, таңдаулы 10 хадисті араб тілінде және қазақша мағынасымен жатқа айту бойынша өзара бақ сынады. Қатысушылардың білім деңгейін мешіттің бас имамы Сағындық Мұхиденұлы мен мешіт молдасы Төремұрат Ғалымұлы бағалап, төрелік етті.
Нәтижесінде:
1-орын – Ахметов Нұрасыл
2-орын – Ерменбай Әмір
3-орын – Амангелді Әнас иеленді.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.






