ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ӨКІЛДІГІНДЕ 50 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры «Бірлігі жарасқан жамағат» еріктілер тобымен бірлесе отырып, әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді.

Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – қоғамдағы жанашырлық пен бауырмалдықты арттыру, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және жамағат арасында ізгілік құндылықтарын насихаттау.

«Жақсылық жасау — жүректің кеңдігін, иманның беріктігін білдіреді. Осындай сауапты істер қоғамда мейірім мен жанашырлықтың артуына себеп болады», — дейді шара ұйымдастырушылары.

Іс-шара соңында көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығына тілектестік танытты. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.