ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ СӘТБАЕВ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының жамағатымен жүздесті.

Бұл ұйымдастырылған іс-шарада Бағыжан Ерболатұлы “Дін мен дәстүр сабақтастығын” сөз етіп, мешіт жамағатына викториналық сұрақтар қойып өтті. Кеш соңында Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы келген қонағымызға алғысын айтты.