Ұлытау облысы өкілдігіне қарасты Жезді кенті мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Адам үшін ең маңызды болған парыздың бірі – білім алу. Білімді адам өзінің болашағын ғана емес, ұрпағының, елінің болашағын кемел етіп құруға қауһарлы. Осы парызды атқаруға аз да болса үлесіміз болсын деп Жезді кенті мешіті атынан “ Мектепке жол-2024” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жанашыр жамағатымыздың атсалысуымен оқушыларға оқу құралдарымен жабдықталған сөмкелер табысталды. Үлес қосқан азаматтарға Алла разы болсын!