ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар болды.
Аталған семинарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы және РАНТ мүшесі Құрсақов Медет Құрмашұлы арнайы келіп, дәріс оқыды. Облыс имамдары «усулуль-фиқһ» және «хадис» бойынша қазіргі қоғамда маңызды деген түйткілді мәселелер бойынша біліктілігін арттырды. Семинар соңында Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы Медет ұстазға алғыс айтып, сый көрсетті. Семинарға қатысқан барлық имамдар сертификатпен марапатталды.