ПӘТУА МАМАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕ КЕЗДЕСУ ЖҮРГІЗДІ

ҚМДБ Шариғат және пәтуа маманы Құрсақов Медет Құрмашұлы Ұлытау облысында бірнеше мемлекеттік мекемелерде кездесу жүргізді.

Медет Құрмашұлы іссапар барысында тек қана облыс мешіттерінде ғана емес, сонымен қатар «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі», «Ұлытау облысының полиция департаменті», «№62 түзету мекемесі», «Мамандандырылған олимпиядалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» секілді мемлекеттік мекемелерде де үгіт жүргізді. «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында насихат айтылып, аудитория тарапынан қойылған біршама сұрақтарға жауап берілді.