ҚМДБ Ұлытау облысы өкілдігі «Ақниет» орталығымен біріге отыра жастар арасында шағын футболдан турнир өтті.
Турнирдің салтанатты ашылуына Ұлытау облысының бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы арнайы қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат – жастар арасында тығыз байланыс орнату, жат ағымдардан сақтандыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ, мұсылманшылыққа тән сабырлылық пен көркем мінезді ойын кезінде де сақтауды үйрету. Сайыс соңында Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы жеңімпаздарды марапаттады.