АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА МӘУЛІТ ЖЫРЫ ОҚЫЛДЫ

Жаңаарқа ауданында облыс бас имамы Жансарин Бейбіт Бақытжанұлының қатысуымен жамағатқа арналған Мәуліт кеші өткізілді.

Ардақты Елшімізге арнап салауат оқумен басталған кеш жоғары деңгейде өтті. Аудан мешіті мен жастарының бірлігін көрсеткен бұл кеште облыс бас имамы сөз бастап, насихат айтты. Жамағат арасында «Адамзаттың асыл тәжі», «Сахабаны тап» атты онлайн викториналық сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, жеңімпаздарға сый-сыяпаттар берілді. Кеш соңында Құранға түскен шәкірттер облыс имамы қолынан сертификат иеленсе, Жаңаарқа аудандық «Халық» мешітінің имамы Асқар Мейрамбекұлы барша жандарға алғысын айтты.