АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігіне қарасты Жаңаарқа ауданының мешіттері ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан сайыс өтті.

Құран жарысы марқұм Мұсабеков Отынбай Қасенбайұлының ұрпақтарынан еске алуға арналған еді. Құран жарысына қатысушы сегіз үміткер Құран Кәрімнің «Дұха және Нәс» сүрелерін жатқа оқу номинациясы бойынша өзара бақ сынасты. Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, жеңімпаздар анықталды.

І-орын – Қайырбек Әбубәкір
ІІ-орын –  Жахан Ансар Төлеубайұлы 
ІІІ-орын –  Қуанышбай Абдурахман
ІV-орын – Жақсылық Рахметулла